Меню

Страницы

Статья

Дін саласындағы заңнамаға қатысты

Өткен жылдың 29 желтоқсандындағы  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мемлекеттің дін саласындағы саясатының пәрменділігін арттыруға  бағытталған. Мемлекеттің дін саласын реттеу, қадағалау механизмдерінің  заңнамалық және құқықтық тетік­терін жетілдіру уақыт талабынан туындап отыр.

Бұл бастамалар Мемлекет Басшысымен келісілгені белгілі, сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және Әділет, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктері секілді мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты.

Бастамалардағы мәселелер әр түрлі іс-шараларда діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылармен талқыланып, басым көпшілігінен қолдау тапты. Олардың қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Қазақстанның православ шіркеуі, Католик шіркеуі сияқты және басқа да діни бірлестіктер басшылығы және танымал сарапшылар болды.

Ерекше атап өтетін жәйт, Президентіміздің «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығының ережелерін іске асыру жоспарында діни бірлестіктерді тіркеу тәртібі мен құруды жеңілдету және конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасау бойынша түзетулер енгізу көзделген еді. Осыған орай «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да бірқатар өзгерістер енгізілді.

Түзетулердің негізгі мақсаттары мына бағытта жүзеге асырылғанына назар аударғанымыз жөн.

Біріншіден, бұрыңғы заңнамада «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» термині пайдаланылды, алайда терминнің мазмұны ашылмағандықтан бұл діни бірлестіктер мен құқық қорғау ұйымдары тарапынан сын тудыратын. Осыған орай «Діни мазмұндағы ақпараттық материал – кез келген материалдық жеткізгіштегі діни сипаттағы баспалық, электрондық және өзге де ақпарат» деп өзгерту енгізілуін дұрыс болды деп санаймыз.

Екіншіден, ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге рұқсат беру сипатынан хабарлама сипатына өту ұсынылды.

Бұл түзетудегі діни іс-шараларды тек қана діни бірлестіктер өткізеді.

Сонымен қатар, түзетудегі діни іс-шараның жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да жеке тұлғалар өткізетін діни жоралар мен рәсімдерге мүлде қатысы жоқ.

Бұл жерде тек қана діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларын реттеу қаралған.

Ал, жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да діни рәсімдер қолданыстағы Заңның 7-бабының 2-тармағында бөгетсіз өтетіні анық көрсетілген. Осыған орай жаңа түзетуде Заңдағы 5-баптың 7 тармақшасындағы «ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі» деген сөздер «ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды» деген сөздермен ауыстырылғаны өте құптарлық болды.

Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, діни бірлестік ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаны  облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында олар өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді.

 Хабарлама осы 7 баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге хабарламаның қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, хабарлама алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге осы баптың 5-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен сәйкессіздік туралы шешім жібереді.

Үшіншіден, бұрын  дінтану сараптамасын жүргізуге саясаттанушыларды, психологтарды, әлеуметтанушыларды және т.б. мамандарды тарту қолға алына бермейтін, тек теологтар мен дінтанушылар ғана жүргізетін еді. Заңның 6-бабының 3-тармағы «Дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар (мамандар), қажет болған кезде мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді."  деген жаңа редакцияда жазылуы да өте құптарлық болды.

Төртіншіден, өзгеріс енгізілген заңда өңірлік діни бірлестіктерді тіркеу талаптарын жеңілдету мәселесіне де назар аударылды.

Бұл ұсыныстағы ең маңызды жәйт, 2011 жылдан бергі тіркелу үшін 500 азамат болуы қарастырылған талап мүлде өзгермейді. Сондай-ақ, бұл жерде жаңа діни бірлестіктер құрылмайтынын түсінген жөн. Тек қана заң аясында қызмет етіп жүрген жергілікті діни бірлестіктер бірігіп, өңірлік діни бірлестік болып тіркелу үшін қарастырылған жеңілдіктер.

Өңірлік діни бірлестіктер өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктер қызметі аумағының шегінде құрылады және өз қызметін жүзеге асырады.".

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына толықтырулар мен өзгеріс­тер енгізуі  уақыт талабынан туындауда. Елдегі мем­лекет және дін қатынасының өзекті тұстары: зайырлы қағиданы сақтау және нығайту, ар-ұждан бостанды­ғын қамтамасыз ету, тоталитарлық радикалды идеология және деструк­тивтік діни ағымдармен күрес, сырт­қы діни ықпалды тежеу механизм­дерін жетілдіру, діннің саясилануы­ның алдын алу, дәстүрлі діндарлық мәдениетінің сапалық тұрғыдан өсуін қолдау және жоғары рухани­лықты жетілдіру. Әрине, ең бастысы – қолданыстағы заңды сақтау болып табылады.  Сонда ғана қоғамымызда дін бостандығы қамтамасыз етіледі.

Дата публикации
25 января 2022
Дата обновления
25 января 2022
Тип

Сейчас читают

14 августа 2025
Внутренний анализ коррупционных рисков: ГУ "Управление по делам религии города Шымкент"
14 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
14 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Шымкент қаласының Дін істері басқармасы» ММ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы