Меню

Страницы

Статья

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» кейбір мәселелері бойынша

29 маусым 2020 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Жаңадан қабылданған Әкімшілік-рәсімдік кодексі азаматтардың құқығын  сапалы қорғап, заң үстемдігін сақтаудың кепілі болды.

Аталған Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

Жалпы, осы Кодексте, жария құқықтық қатынастарда қабылданатын, туындайтын «әкімшілік акт», «әкімшілік әрекет» (әрекетсіздік) және «әкімшілік орган» сияқты басқа да ұғымдар пайда болды.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының күштері жойылып, осы Заңдардан туындайтын қатынастар осы Кодекспен реттеледі.

Аталған Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарын, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар,             сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Жаңа Кодекстің негізгі мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Мемлекеттік органға келіп түскен өтінішті, егер өтініште көрсетілген мәселе күрделі болған жағдайда, міндетті түрде тыңдау хаттамасы түзіледі. Осыған орай, а.ж. шілде айында қала әкімінің м.а. 2021жылғы 15 шілдедегі №84-Ө-өкімііне сәйкес, қаладағы мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді «Тыңдауды өткізу» арқылы қарау деп тапсырма берілген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 84 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын бұзу, егер мұндай бұзу дұрыс емес әкімшілік акт қабылдауға алып келсе, не алып келуі мүмкін болса, әкімшілік актіні заңсыз деп тануға болатындығы мәлім.

 Сонымен қатар, мемлекеттік органда түскен өтініш қаралып, жауабын берген кезде, егер тұлға жауабына келіспеген жағдайда, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91 бабына сәйкес, сотқа шағымдануға құқылы.

Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Әкімшілік істерді бірінші сатыдағы сотта соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды және шешеді.

Талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор әкімшілік процеске қатысушылар болып табылады.

Әкімшілік сот ісін жүргізуде өкілдік ету Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.

Осы аталған Кодексте татуластыру рәсімдері көзделген. Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация тәртібімен және реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін тиісті шараларды қабылдап, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі.

Жаңа кодекс әкімшілік әділет институтының жаңа қарқынды жұмыс жасауына жол ашады.

Дата публикации
15 ноября 2021
Дата обновления
18 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

14 августа 2025
Внутренний анализ коррупционных рисков: ГУ "Управление по делам религии города Шымкент"
14 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
14 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Шымкент қаласының Дін істері басқармасы» ММ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы