Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау бойынша заңнамаларға өзгерістер енгізілді

2021 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодек­сі күшіне енген болатын.

Жалпы, Кодекс әкімшілік рәсімдер мен жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу жөніндегі арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Мем­ле­кеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, оларды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін кодекс негізгі екі бағыттан тұрады: біріншісі – әкімшілік рәсімдер болса, екіншісі – әкімшілік сот ісін жүргізу.

Бүгінгі таңда, әкімшілік әділет құрылы­мына күрделі өзгерістер мен жаңалықтар енгізілуде. Нақ­тырақ айтсақ, бұған дейінгі «Әкімшілік рәсім­дер туралы» және «Жеке және заңды тұлға­лардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң өз күшін жойды. Енді заңдармен реттелген қатынастар «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодек­сі»-мен қаралады.

Жаңа кодекс шешім шықанға де­йін әкім­шілік процестің барлық сатысында татуласу, медиация келісім жасасу мүмкіндігін көздейді. Сонымен қоса, жоғары тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру осы кодекс арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, жаңа заң мемлекеттік емес ұйымдармен және тұлғалармен өзара қарым-қатынасты реттейтін болады. Мысалы, ұлттық компаниялар, жеке сот орындаушылармен, яғни, мемлекеттік өкілеттіктердің бір бөлігі берілген және кейбір билік пен әкімшілік функциялары бар субъектілермен байланысты ретке келтіреді.

Кодексте сот ісін жүргізудің жеке әкімшілік нысаны белгіленеді. Оның қажет­тілігі Азаматтық іс-жүргізу Ко­дексіндегі ерекше талап қою ісі мұн­дай істердің жария-құ­қықтық сипатын көр­сетпейтіндігімен тү­­сін­­діріледі. Сон­дық­тан қоғамдық құқықтар туралы істер аза­маттық сот ісін жүргізу тәр­тібімен қаралмауы керек. Онда тараптар тең, ал әкім­шілік құқықтық қатынастарда жеке тұлға мемлекетке тең емес. Осылайша, Кодекс, оны әзірлеуші идеясы бойынша, мемлекетпен дау­ларда құқық қолдану практикасына айтарлықтай өзгерістер енгізуі керек.

Жаңа кодекстің негізгі мақсаты азамат­тардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Онда қазіргі уақытта қолданылып жүрген «Жеке және заңды тұл­ғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға қарағанда, өтінішті мемлекеттік органға келіп түскен сәттен бастап өтініш берушіге жауап жолдағанға дейінгі оны қарау процесінің барлық кезеңі, сондай-ақ шағым жасаудың бүкіл рәсімі неғұрлым нақ­ты регламенттелген. Сонымен қатар, айтарлықтай жаңа­шылдықтардың бірі – енді өтініш берушінің оның өтінішін қараудың әрбір кезеңіне, оның ішінде түпкілікті шешім қабылдауға қатысуға құқығы бар. Хабарламаларды, ұсыныстарды, пікірлерді және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.

Дата публикации
29 сентября 2021
Дата обновления
29 сентября 2021
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

14 августа 2025
Внутренний анализ коррупционных рисков: ГУ "Управление по делам религии города Шымкент"
14 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
14 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Шымкент қаласының Дін істері басқармасы» ММ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы