Меню

Страницы

Статья

Жаңа «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодекс

Баршамызға белгілі, елімізде 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодекс күшіне енген болатын.

Аталған заңның нормалары жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау бөлігінде мемлекеттік органдардың жұмыс форматын өзгертуге арналған.

Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен байланысты қатынастарды реттейді.

Реттелетін қатынастардың қатысушылары мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Жаңа кодекстің нормалары өтінішті қарау бөлігін де, алынған жауапқа шағымдану рәсімін де нақты реттейді. Өтініш бойынша қабылданған мемлекеттік органның шешімімен келіспейтін тұлғалар сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

Дауларды мамандандырылған соттар қарайтын болады. Осыған орай, әр өңірде мамандандырылған ауданарылық әкімшілік соттар құрылды.

Сонымен қатар, істі қарау мерзімдері де өзгерді, дауды шешу үшін ақылға қонымды, бірақ 3 айдан аспайтын мерзім бөлінеді.

Бұдан бөлек, талап қоюды қабылдау және қарау рәсімі оңайлатылды. Сот талап қоюды қайтаруға ғана құқылы. Жаңа кодекс бойынша талап арызды қараусыз қалдыру, талап арызды қабыдаудан бас тарту және іс жүргізуді тоқтату көзделмеген.

Сондай-ақ, Кодексте «Татуластыру рәсімдері» кеңінен қолданылады. Егер тараптар дауды татуласу, медиация жолымен шешуге тоқтаса, онда келісім жазбаша түрде жасалады. Оған екі жақ немесе олардың өкілдері қол қояды. Судья тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады, дауды процесс барысында реттеуге көмектеседі.

Дата публикации
10 июля 2021
Дата обновления
10 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 августа 2025
Внутренний анализ коррупционных рисков: ГУ "Управление по делам религии города Шымкент"
14 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
14 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Шымкент қаласының Дін істері басқармасы» ММ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы