Қазіргі кезде елімізде құмар ойындарынан туындайтын қауіп күрделі мәселеге айналып отыр. Құмар ойындарының түрі күн өткен сайын көбейіп, қоғамға келтіретін зияны ұлғайып келеді. Оңай жолмен табыс табуға қызыққан жастар әртүрлі қиындықтарға соқтығып, қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, жеке тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды.