Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде азаматтарының ар-ождан және діни сенім бостандығын заңмен кепілдендіріп отыр. Бұл құқықтар, ең алдымен, еліміздің Ата Заңынан бастау алады. Конституцияның 22-бабы әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар екенін нақтылайды. Осы құқықты іске асыру тетіктері Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында егжей-тегжейлі көрсетілген.