Бүгінгі нарықтық заманда кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Кәсіп ашып, халыққа өнім мен қызмет ұсыну – тек табыс табу жолы ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдалы болудың, адамгершілік құндылықтарды сақтаудың, адал еңбекті насихаттаудың да бір көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, адал сауда – әр кәсіпкердің басты ұстанымы болуы керек.