22.02.2024 ж. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Кәрімовтың төрағалығымен өңірлік терроризмге қарсы комиссияның жұмыс топ отырысы өткізілді.
Жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен аумақтық құқық қорғау және арнаулы органдардың лауазымды адамдары қатысқан жұмыс топ отырысының күн тәртібінде «Діни экстремизмнің көріністеріне жәрдем ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау» мәселесі қарастырылды.
Басты мәселе діни экстремизмге қарсы жұмысты күшейту, проблемаларды талдап оны шешу жолдарын кеңесші органға ұсыну. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын барынша күшейту.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Шымкент қаласының дін істері басқармасы, Шымкент қаласының полиция департаменті және ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталықтың жетекшілері баяндама жасап, осы саладағы жұмысты жетілдіруде бекітілген қызметшілердің біліктілігін арттыру, жоғары органдар тарапынан келіп түскен нұсқаулықтарды жұмыс барысында есепке алып, әдістемелік ұсынымдар бойынша жұмысты атқару мәселесінде бірнеше ұсыныстарды ортаға салды.
Қала әкімінің орынбасары айтылған ұсыныстарға қолдау көрсетіп, терроризм профилактикасын кешенді түрде іске асыруды және оған қол жеткізуде мекеме басшыларының жауапкершілігін арттыру мәселесін атап өтті.
Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімінің қатаң бақылауында екендігін қатысушылар назарына жеткізді.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмыстарды барынша күшейту, Терроризмге қарсы комиссияны ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелер арасында өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.
Материал Шымкент қаласы Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды.