ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ТУРАЛЫ
1.1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі өз қызметінің
20 жылында жаһандық дінаралық диалогтың бірегей және беделді
тұғырнамасына айналды.
1.2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін өткізудің
бастамашысы Қазақстан Республикасы болып табылады. 2001 жылғы
11 қыркүйектегі бұрын-соңды болмаған террористік шабуылдардан
кейін, адамзат өркениетаралық және дінаралық алауыздықтың
алдында тұрған кезде, Қазақстан бір үстелде әлемдік рухани
лидерлерді біріктіретін форум өткізу туралы ұсыныс жасады. АҚШ-тағы
шабуылдардан бірнеше апта өткен соң және Рим Папасы Иоанн
Павел II (2001 жылғы 22-25 қыркүйек) Қазақстанға сапары күндері
пайда болған идеяны көптеген әлемдік және дәстүрлі діндердің
лидерлері қолдады.
1.3. Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің
съезін шақыру туралы ұсынысы қазақ халқының мәдени кодының
ажырамас бөлігі болып табылатын діни толеранттылық пен
қонақжайлылықтың ғасырлар бойғы дәстүрлеріне негізделген.
Ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты біріктірген Жібек жолының
орталығында орналасқан Қазақстан аумағында әртүрлі діндер,
конфессиялар мен мәдениеттердің өкілдері бейбітшілік пен келісімде
өмір сүрді. Зороастрлық және буддистік храмдар, тәңірлік беліглер,
христиандық шіркеулер мен мұсылман мешіттері ежелгі заманнан бері
Ұлы дала жерінде көрші болды. ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасы
өзара сыйластық пен рухани алуан түрлілік дәстүрін жалғастыруда.
1.4. 2003 жылы Қазақстан астанасында Әлемдік және дәстүрлі
діндер лидерлерінің бірінші съезі өтті. Оның жұмысына буддизмнің,
христиандықтың, исламның, индуизмің, иудаизмнің, даосизмнің және
синтоизмнің өкілі болып табылатын 17 делегация қатысты. Бірінші
Съезді өткізу күрделі кезеңге тұспа-тұс келді, ол кезде террористер
қылмыстық әрекеттерін жалған діни риторикамен жамылып, әлемде
қорқыныш пен сенімсіздік тудырды. Съезге қатысушылар
экстремизмді, терроризмді және зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін
4
діннің шынайы мәніне ешқандай қатысы жоқ деп бірауыздан
айыптады. Рухани лидерлер «...діни нанымдар мен конфессиялардың
алуан түрлілігі өзара күдікке, кемсітушілікке және шиеленіске емес, әр
дін мен мәдениеттің бірегейлігін көрсететін өзара қабылдау мен
үйлесімділікке әкелуі керек деп жария етті. Діндер толеранттылық пен
өзара қабылдауды барлық халықтардың бейбіт қатар өмір сүруінің
маңызды құралы ретінде мойындай отырып, жан-жанқты
ынтымақтастыққа ұмтылуы керек». І съездің қорытындысы бойынша
Декларацияда қатысушылар халықтар мен елдер арасындағы
бейбітшілік пен келісімді қолдаудың маңызды құралдарының бірі
ретінде дінаралық диалогты нығайтуға және дамытуға шақырды.
1.5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезіне
қатысушылар дінаралық форумды тұрақты негізде – үш жылда бір рет
өткізу туралы шешім қабылдады. Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің II съезі Қазақстан астанасында 2006 жылы өтті. Оның
жұмысының басты нәтижесі әмбебап «Дінаралық диалог
қағидаттарын» қабылдау болды. Съезге қатысушылар дінаралық
диалог ашықтық, толеранттылық, өзара сыйластық, теңдік
қағидаттарына негізделуі, сондай-ақ барлық діндердің бейбіт қатар
өмір сүруі мен жемісті ынтымақтастығы жолдарын ұсынуы, диалогтың
басқа түрлеріне, оның ішінде саяси және әлеуметтік диалог түрлеріне
үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. «Дінаралық диалог қағидаттары»
туралы құжат Съездің кодексіне айналып оның барлық алдағы
жұмыстарының негізін қалады.
1.6. 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының астанасында
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жеті съезі өтті. Съез
қатысушылары ең өзекті мәселелерді көтерді, діни және саяси
көшбасшыларға бір-бірінің мүдделерін ескере отырып, өзара
сыйластық негізінде кез-келген қарама-қайшылықтарды шешуге
шақырды, әр адамның өз наным-сенімдерін еркін ұстану құқығын
жақтады. Съездердің қорытынды құжаттары қазіргі әлемнің ең
маңызды гуманитарлық, рухани және өркениеттік мәселелерін
қозғады.
1.7. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің
құрылымдары дәйекті түрде нығайтылды. 2003 жылы рухани
лидерлердің I съезіне қатысушылар дінаралық және халықаралық
диалогтың тұрақты жұмыс істейтін органы ретінде Съезд Хатшылығын
құру туралы шешім қабылдады. 2012 жылдан бастап Съезд
шеңберінде рухани лидерлер мен халықаралық ұйымдар арасындағы
өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге
арналған Діни лидерлер кеңесінің отырыстары өтті. VI съезге
қатысушылардың бастамасымен 2019 жылы Конфессияаралық және
өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаевтың
5
орталығы құрылды, ол Съезд Хатшылығының жұмыс органы болып
табылады.
1.8. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызды
ерекшелігі оның қатысушыларының өкілді құрамы болды. Форум
жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің жоғары өкілдері,
беделді саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың
басшылары қатысады. 2022 жылы VII съезде әлемнің 50-ден астам
елінен 100-ге жуық делегация жиналды, бұл осы диалог
платформасының өзектілігі мен сұранысының айқын дәлелі болып
табылады. Съезд Хатшылығының жұмыс органы халықаралық, діни,
білім беру және басқа да құрылымдармен 30-дан астам
меморандумдар мен келісімдер жасады. Олардың қатарында Біріккен
Ұлттар Ұйымының Өркениеттер альянсы, Біріккен Ұлттар Ұйымының
білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО), әл-Азхар ал-Шариф, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог
жөніндегі Папалық кеңесі, Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу
байланыстары бөлімі, Дохадағы Дінаралық диалогтың халықаралық
орталығы, Ресейдің Дінаралық кеңесі, Мұсылман ақсақалдар кеңесі
және бірқатар басқа құрылымдар. Съездің жаһандық дінаралық
диалогтың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі БҰҰ Бас
Ассамблеясының қарарларымен белгіленді.
1.9. Съезд қызметінің жиырма жылдығының қорытындысы
бойынша оның қатысушыларының алдына қойған бастапқы миссиясы
сәтті іске асырылғанын атап өтуге болады. ХХІ ғасырдың басында
көптеген адамдар әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жеке
кездесу мүмкіндігіне күмәнмен қарады. Бүгінгі таңда дінаралық диалог
кеңінен сұранысқа ие және бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді.
Съезге қатысушылар Қасиетті Тақ пен Әл-Азхар әл-Шариф
арасындағы «Бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүрудің пайдасына
адами бауырластық туралы» құжатқа, Мекке декларациясына қол
қойылуын құптайды, Өркениеттер Альянсының, «Діндер бейбітшілік
үшін» ұйымының, UNCIRF, G20 Interfaith Forum, Мұсылман ақсақалдар
кеңесінің бастамалары, Біріккен Араб Әмірліктерінде Ибраһим
отбасының үйінің ашылуы және басқа да бастамалар әлемдегі
дінаралық диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған.
1.10. 2022 жылғы қыркүйектегі VII съездің қорытындысы
бойынша қабылданған Декларацияда рухани лидерлер діндер,
мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі
нығайту мақсатында диалогтық платформаны дамытуға ниет білдірді.
Съезге қатысушылар діни қауымдастықтарды, халықаралық және
ұлттық құрылымдарды, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды
қақтығыстарды тоқтату, адамзат алдында тұрған жаһандық
проблемаларды бірлесіп шешу мақсатында ынтымақтастыққа
6
шақырды. Бұл Тұжырымдама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері
съезін одан әрі дамыту және оның қазіргі әлемдегі дінаралық диалог
пен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудағы рөлі туралы пайымды
білдіреді