«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2023 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша есебінің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 171 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған.

 2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы:                    9 749 814, жеке тұлғаларға: 9 732 834 және заңды тұлғаларға: 16 980 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 65 536 (үлесі 0,7%), жеке тұлғаларға: 54 024 және заңды тұлғаларға: 11 512 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 22 234, жеке тұлғаларға: 21 310 және заңды тұлғаларға:  924 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 43 302, жеке тұлғаларға: 32 714 және заңды тұлғаларға: 10 588 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 9 684 278 (үлесі 99,3%), жеке тұлғаларға: 9 678 810 және заңды тұлғаларға:                                     5 468 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 8 302 760, жеке тұлғаларға: 8 297 292 және заңды тұлғаларға: 5 468 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 381 518 (жеке тұлға).

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 9 816 бірлік.

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді.

2023 жыл бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары бойынша 20 нысан жоспарланған болатын, есептік кезеңде                                   ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде 4 нысан (Еңбекші әкімі аппараты және қалалық жайлы ортаны дамыту, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармалары) жоспардан алып тасталынды.

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 14 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүрігізіліп, жалпы 115 бұзушылықтар (2022 ж. – 46, 2023 ж. – 69) анықталды.

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 46 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 5, орындалғаны – 5.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халыққа 9 іс-шара жүргізіліп, іс-шараға 2 473 адам қамтылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 18 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

  Шымкент қаласы әкімдігі

Аңықтама
Дата публикации
02 ноября 2023