Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы оңалту жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Дін істері басқармасымен 2022 жылғы 23, 24 және 25 маусымда оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Семинарлар христиан діни бірлестіктерінің қатысуымен «Діни секталардың деструктивті қызметі» тақырыбында, интернет-кеңістікте қарсы пропагандаға тартылған мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін, сондай-ақ Шымкент қаласы өкілдігінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары арасында «ДДА жақтаушыларын оңалту» мәселелері бойынша семинары өткізілді.
Осы саладағы шақырылған сарапшылар оңалту және интернетте қарсы насихат бойынша практикалық сабақтар өткізді. Нәтижесінде семинарға қатысушылар ДДА жақтаушыларын оңалтуда қажетті дағдыларға ие болды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.