Онкологиялық аурулардың алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша сауалнама өткізілді. Сауалнама барысында қатысушылардың денсаулық туралы хабардарлық деңгейі, зиянды әдеттерге көзқарасы, профилактикалық тексерулерге қатысуы және салауатты өмір салтын ұстану ерекшеліктері анықталды. Алынған нәтижелер алдағы уақытта алдын алу шараларын тиімді жоспарлауға және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге негіз болады.