№6 жалпы орта мектебінде жасөспірімдер мен студенттер үшін АИТВ/ЖИТС профилактикасы тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары қатысып, жастарға вирус таралу жолдары, алдын алу шаралары және салауатты өмір салты жөнінде кеңес берді.
Студенттер мен оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойды және өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Мақсатымыз – жастардың денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.