Сұңқар жастар денсаулық орталығы жасөспірімдер мен жастар үшін АИТВ/ЖИТС-тен сақтану тақырыбында ашық есік күні өткізді.
Мақсаты:
Жастар мен жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы дұрыс ақпарат беру, олардың денсаулығына жауапкершілік сезімін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Студенттер мен жасөспірімдер белсенді қатысып, сұрақтар қойды, өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.