Шымкент қаласы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі студенттері арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары студенттерге вирус қалай таралатынын, қауіптен қалай сақтануға болатынын және салауатты өмір салтын қалай ұстану керегін түсіндірді.
Студенттер белсенді қатысып, сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.