АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында Шымкент қаласы №66 Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының арнайы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды. Мамандар оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу және жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері мен салауатты өмір салтының маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
- Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
- Ақпараттық бейнематериалдар көрсетіліп, тақырыптық парақшалар таратылды.