Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебінде суицидтің алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жасөспірімдердің психологиялық жағдайына әсер ететін факторлар, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі және отбасындағы жылы қарым-қатынастың маңызы талқыланды.
Сонымен қатар, ата-аналарға баламен тиімді қарым-қатынас орнату, эмоционалдық қолдау көрсету және даулы жағдайларды алдын алу бойынша практикалық кеңестер берілді. Жиналыс ата-аналарды балалардың психикалық денсаулығын қолдауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақыруға бағытталды.