Шымкент қаласында онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған пресс-конференцияда дәрігер-онкологтар ұйқы безі обыры, тері обыры және сүт безі обыры тақырыптарын талқылады. Қатысушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы да кеңінен ақпарат берілді.
Шараға салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары, дәрігерлер және медицина саласының өкілдері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – тұрғындарды онкологиялық аурулардан қорғау жолдары туралы хабардар ету, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға ынталандыру болды.