№50 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға арналған ғылыми-практикалық форум ұйымдастырылды. Шараға ЖИТС орталығының маманы Фатима Тыныштықбаевна және психиатр-нарколог Раушан Асановна қатысты.
Форум барысында қатысушылар АИТВ/ ЖИТС туралы ең өзекті мәліметтермен танысып, алдын алу шаралары мен қауіпсіз өмір салтын сақтау жолдары туралы ақпарат алды. Оқушылар белсенділік танытып, флешмоб билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Форум материалдары әлеуметтік желілерде жарияланып, кең аудиторияға ақпарат таратуға мүмкіндік берді. Шара оқушылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, өздерін және қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.