АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында Ontustik телернасының «Денсаулық хабарына» сұхбат өткізілді.
Шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының медицина маманы қатысып, АИТВ/ЖИТС туралы жалпы түсінік беріп, оның таралу жолдары, алдын алу тәсілдері және ерте анықтаудың маңызы жөнінде сұхбат берді.
Сонымен қатар, көрермендерге жеке гигиенаны сақтау, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты — жастар мен қоғам мүшелерінің АИТВ/ЖИТС туралы білімін арттыру және инфекцияның таралуының алдын алу.