Онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында Оңтүстік телеарнасының «Денсаулық хабарына» сұхбат өткізілді.
Шараға медицина маманы қатысып, онкологиялық аурулардың басты себептері, ерте анықтау тәсілдері және профилактикалық тексерулердің маңызы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сонымен қатар, көрермендерге салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болу бойынша кеңестер берілді.
Іс-шараның мақсаты — тұрғындар арасында онкологиялық аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру болды.