Жүкті әйелдер мен аналарға арналған емізу және тамақтану бойынша кеңестер
Дүниежүзілік баланы емізу апталығына орай «Otau Med» клиникасында жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейінгі балалары бар аналар арасында тамақтану, бала емізу тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
баланы емізу жайлы жете түсінікті арттыру;
денсаулықты нығайтуда және жастардың әл-ауқаты мен саулығын көтеруде отбасының рөлін дамыту және ынталандыру;
баланы емізудің принциптері жайлы түсіндіру болып табылады.