ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжінде Қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен «Мен сені сүйемін, өмір!» ұранымен ұландар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара ұландардың бойында өмірге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, олардың дене дайындығын шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Жарысқа қатысушылар түрлі спорттық сайыстарда өз шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен ауызбіршілікті танытты.
Спорттық жарыс – жасөспірімдердің физикалық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға, қиындықтармен күресуде төзімді болуға септігін тигізетін тиімді құралдардың бірі.
Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ынталандыру сыйланды. Мұндай бастамалар жастардың өмірге деген көзқарасын жақсартуға, өз-өзін бағалауға және бір-біріне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.