№127 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында суицидтің алдын алу және өмірге деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында «Мен сені сүйемін, өмір!» атты мағыналы флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өмірдің маңыздылығын ұғындыратын ұрандар көтеріп, бір-біріне қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Бұл флешмоб жасөспірімдердің бойында өмірге деген құштарлықты арттырып, олардың бір-біріне деген жанашырлық сезімдерін нығайтуды көздеді.
Сонымен қатар психологтардың қатысуымен оқушыларға арналған арнайы тренингтер өтті. Тренингтер барысында қатысушыларға жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, күйзеліске қарсы тұра білу, эмоционалды тұрақтылықты сақтау және тиімді қарым-қатынас орнату жолдары үйретілді. Осындай шаралар жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайтып қана қоймай, олардың өмірге деген сенімін арттырып, өз-өзін тануына, қиындықтарды еңсере білуіне жол ашады.