№142 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында суицидтің алдын алу, өмірге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Мен сені сүйемін, өмір!» тақырыбында әсерлі де мағыналы флешмоб ұйымдастырылды.
Бұл шара жасөспірімдерге өмірдің құндылығын ұғындырып, олардың ішкі жан-дүниесіне үміт сәулесін ұялатуға бағытталды.
Сонымен қатар, психологтарының бастамасымен жанжалдарды тиімді шешу, стресс жағдайларында өзін-өзі басқару, эмоционалды тұрақтылық пен коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша арнайы оқыту тренингтері өткізілді. Бұл тренингтер барысында оқушылар практикалық жаттығулар арқылы өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын үйренді.