Жоғары медицина колледжінің студент қыздарына арналған репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлау тақырыптарында ақпараттық іс-шара өтті.
Іс-шара аясында қатысушыларға арнайы бейнероликтер мен танымдық фильмдер көрсетіліп, акушер-гинеколог дәрігер тарапынан жасырын кеңес беру ұйымдастырылды. Жиын барысында қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, денсаулықты сақтау және өмір қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды.
Шараның басты мақсаты – бойжеткендердің бойында тазалық пен адамгершілік, әдеп пен сыйластық сынды құндылықтарды қалыптастырып, білімді де саналы, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын қыз балаларды тәрбиелеуге ықпал ету.