№144 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушы қыздар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау мәселелеріне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер мен танымдық фильмдер көрсетіліп, акушер-гинеколог дәрігер Айгерім Қайратқызы тарапынан жасырын консультация ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, оларға нақты әрі дұрыс ақпарат беру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру болды. Оқушыларға репродуктивті жүйенің қызметі, ерте жүктіліктің алдын алу, жеке бас гигиенасы және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.