Шымкент қаласындағы Жабық базар аумағында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтауға бағытталған ақпараттық шара өткізілді.
Іс-шараға қатысқан онколог дәрігер тұрғындарға қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін қалай анықтау керектігі туралы маңызды кеңестер берді. Олар уақытылы медициналық тексерулердің маңыздылығын, скринингтік бағдарламалар арқылы ауруды ерте кезеңде анықтаудың тиімділігін түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін ерекше атап өтті.
Дәрігер дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік пен зиянды әдеттерден арылудың денсаулықты сақтаудағы рөлі туралы нақты ұсыныстармен бөлісті. Бұл кеңестер тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және онкологиялық аурулардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.