Шымкент қаласының теміржол вокзалында онкологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында ақпараттық науқан өтті. Іс-шараға онколог-дәрігерлер арнайы қатысып, тұрғындарға маңызды ақпараттармен бөлісті.
Науқан аясында мамандар онкологиялық аурулардың алғашқы белгілерін дер кезінде тану, ерте диагностика жүргізудің маңыздылығы және скринингтік тексерулерден уақытылы өтіп тұру қажеттілігі жөнінде кеңес берді.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану – дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты сақтаудың тиімді жолдары туралы ақпарат ұсынылды.