Шымкент қаласындағы Dur Plaza сауда-ойын-сауық орталығында онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға бағытталған скринингтік тексерулердің маңыздылығын түсіндіру мақсатында ақпараттық науқан ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың онкологиялық аурулар туралы хабардарлығын арттыру, ерте диагностика мен скринингтік тексерулердің өмірді сақтап қалудағы рөлін түсіндіру, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Сонымен қатар, мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидалары – дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, күнделікті физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тартудың маңызын атап өтті.