Шымкент қаласының халықаралық әуежайында қала тұрғындары мен қонақтарына онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша ақпараттық науқан өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, скринингтік тексерулердің маңыздылығын түсіндіру және онкологиялық аурулардың алдын алу қажеттілігі туралы хабардарлықты көтеру. Қатысушылар саны 200ден аса.
Онколог дәрігерлердің қатысуымен өткен науқанда халыққа онкологиялық аурулардың алғашқы белгілері, ерте диагностика және скринингтік тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, дұрыс өмір салты, денсаулықты сақтау және скринингтік тексерулердің маңызы жөнінде кеңестер ұсынылды.