"Қауіпсіздік бағыты" акциясы аясында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы ашық есік күні “Жоғары медицина колледжінде” өтті. «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының» маманы Н. Жургенбаева «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Сонымен қатар, білім алушыларға АИТВ-ның таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жастарды зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар саны 99.