№1 қалалық емханаға қарасты жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейінгі балалары бар аналар арасында тамақтану, бала емізу, ерте жастағы балаларды дамыту мәселелері бойынша консультациялар өткізілді.
Іс-шара барысында жаңа босанушы аналарға баланы қалай дұрыс емізу, 6 айдан бастап бала рационына қосымша тағамды дұрыс қосу ережелері айтылды. Аналар арасында емізудің артықшылықтары және ана мен балаға тигізер пайдасы туралы сұрақ жауап өткізілді. Қатысушылардың қосымша сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шараға қатысқан қатысушылар саны 42.