Суицидтің алдын алу мақсатында 8 желтоқсан күні №99 мектеп гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Мен сені сүйемін өмір» тақырыбына флешмоб және жанжалдарды шешу, жасөспірімдер мен жастардың стресс тұрақтылығы мен коммуникативтік қасиеттерін дамыту бойынша оқыту тренингі өтті. Іс-шараның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу.
Шара аясында «Денсаулық сағаты», «Өмірлік құндылықтар» «Мен өмірді таңдаймын» атты тренингтер өткізілді. «Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері мен дағдарысы» тақырыбы қозғалды. Қатысушылар саны 250-ден аса.