6 желтоқсан күні Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің оқушылары арасында «Қауіпсіздік бағыты» АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты-оқушылардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыра отырып, оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, салауатты өмір салтына бағыттау болып табылды.
Бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына, білім саласына тигізетін әсері туралы презентация, видеороликтер, баяндама жасалды. Шара сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, жауап берілді. Қатысушылар саны 133 оқушы.