1 желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Ы. Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы мен ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы ғылыми-тәжірибелік форум ұйымдастырылды. Форумда жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағлұмат беріліп зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған шара барысында «ХВАРАНГ» таеквондо академиясының спортшылары өнер көрсетіп, №65 мектеп-гимназиясының оқушылары тақырыпқа байланысты сурет көрмесін ұйымдастырды. Өз кезегінде жас буын өздерінің білген – түйгендерін ортаға салып ой бөлісті. Қатысушылар саны 150.