28 қараша күні АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында «Югстройсервис-Н» құрылыс алаңында науқан өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы мен ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы мамандарымен еңбек мигранттардың арасында АИТВ-жұқпасына өз еркімен жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстарын ұйымдастырып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берді. Қамтылған адам саны 51.