29 қараша күні АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында «Сәлем» әлеуметтік қалашығында Индустриалды-техникалык колледж студенттеріне «Қауіпсіздік бағыты» акциясы ашық есік күні өтті.
Катысушылар АИТВ-ға шалдығу қауіпі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан өткізді.
Мамандар жастарға АИТВ-инфекциясы және ЖИТС туралы негізгі ақпарат беріп, онын жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама аясында үйрету ойындары мен талқылаулар жүргізілді.
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясына жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстары ұйымдастырылып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берілді.