Денсаулыктың ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі- репродуктивтік денсаулық. 2023 жылдың 7 қараша күні №137 жалпы орта мектебінің оқушыларына гинеколог дәрігердің қатысуымен қыздардың репродуктивті денсаулығы, етеккірдің уақытында келуі, ерте жыныстық қатынастан қорғану, түсік тастаудың зияны, жыныстық жолдар арқылы таралатын аурулардың алдын алу мақсатында кеңес берілді. Оқущы қыздар өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Барлығы 30 адам қамтылды.