Жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау мақсатымен 2023 жылдың 10 қараша күні Ю.А.Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектібінің жоғары сынып қыз оқушылары арасында гинеколог маманының қатысуымен консультация өткізілді. Оқушыларға репродуктивті жүйесімен байланысты физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жай-күйімен, сондай-ақ осы саладағы мәселелердің алдын алу және шешу арқылы репродуктивті денсаулықты қамтамасыз етуге ықпал ететін әдістер және технологиялармен таныстырылды. Консультация қыздардың репродуктивті денсаулығы, жеке гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу туралы өзекті мәселелері көтерілді. Оқушылар гинеколог маманына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған білікті жауаптар берілді.