Қазіргі ұрпақ репродуктивті денсаулық үшін ұйқы және сергектік режимін бұзу, интернетке тәуелділік, аз қозғалмалы өмір салты және дұрыс тамақтанбау сияқты қауіптерді ескермейді. Ал ерте жыныстық өмір, түрлі жыныстық инфекцияларға, жоспарланбаған жүктілікке, оның үзілуіне, созылмалы аурулардың болуына, АИТВ инфекциясының берілу қаупіне және тағы басқа ауруларға әкелуі мүмкін. Осы мәселе бойынша 2023 жылдың 22 қараша күні С.Ербусов атындағы №24 мектеп-лицейінде гинекологтың қатысуымен қыздарға кеңес берілді. 8-9 сынып оқушыларына ерте жүктіліктің алдын алу туралы және 6-7 сынып оқушыларына етеккір циклі және оның қалыптасуы туралы мәлімет беріліп, оқушылардың осы тақырыптар бойынша сұрақтарына жауап берілді. Қатысқан адам саны: 90 оқушы