Шымкент қ. №6 қалалық емханасына қарасты жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейінгі балалары бар аналар арасында тамақтану, емшек сүтімен емізу, жас балаларды дамыту мәселелері бойынша емхана базасында 2023 жылдың 8 қараша күні бала емізу бойынша сарапшының және психологтың катысуымен консультация өткізілді. Жас аналарға дұрыс емізу ережелері және емізудің маңыздылығы туралы кеңес берілді. Психолог мамандарымен «Бір-бірімізге жылылулықпен қарайық» атты тренинг өткізілді. Қатысқан адам саны: 45.