Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының  денсаулық сақтау басқарамасының «Қалалық қан орталығы» МКҚК-на директоры қызметіне конкурс жариялайды.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны орналасқан жері Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт шағын ауданы, №442, телефон 8(7252)-78-17-61, электрондық пошталық мекен-жайы: OCK_UKO@mail.ru

Конкурс 2026 жылғы 30 қаңтарда, Шымкент қаласы, Республика даңғылы 12 А, 7 қабат, мәжіліс  залы мекенжайы бойынша өткізіледі.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру. Кәсіпорын жоғары сапалы және қауіпсіз донорлық қан және оның компоненттері мен препараттарын дайындауды жүзеге асырады және қамтамасыз етеді.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;

денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;

халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;

отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға біліктілікке қойылатын талаптар:

Облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор) үшін:

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);

немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2026 жылғы 12 қаңтар мен 2026 жылғы 27 қаңтар  аралығында Шымкент қаласы Республика даңғылы 12 А, 6 қабат, 611 кабинетте қабылданады.   Тел 8 7252 56-23-11     

1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді.) 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің:

-         соттылықтың жоқтығы туралы анықтама,

-         сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың болмауы туралы анықтама.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
  2. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
  3. Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Конкурсқа өтініш беру мерзімі: 2026 жылғы 12 қаңтар мен 2026 жылғы 27 қаңтар  аралығында.

Құжаттар электронды форматта ұсынылуы керек (алынбалы медиа, флэш карта, электрондық пошта: uz.kadr2018@bk.ru сондай-ақ құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстан (әңгімелесу) өтуге мына мекен-жай бойынша жіберілмейді: Шымкент қаласы, Республика даңғылы 12 А, 7 қабат, мәжіліс  залы, тел/факс: 87252 56-23-11,e-mail: uz.kadr2018@bk.ru

 

Дата публикации
09 января 2026