Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Байқау кеңесі бос орын Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқарамасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» МКК-на басшысы қызметіне конкурс жариялайды.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы«№10 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы – 1 бірлік.
Конкурсты өткізу мерзімін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» МКК-ның байқау кеңесі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын Шымкент қаласы, «Қаратау» ауданы, «Қайтпас-1» шағын ауданы, Каһарман көшесі, №48 санды ғимарат:, А- корпус актовый-зал, телефон: 8(7252)49-36-84, индекс: 160023; электрондық пошталық мекен-жайы: poliklinika.10.10@mail.ru
Орналасқан жері: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Шымкент қаласы, Шымкент қаласы, «Қаратау» ауданы, «Қайтпас -1» шағын ауданы, Каһарман көшесі, №48 санды ғимарат:, телефон: 8(7252)49-36-84, индекс: 160023; электрондық пошталық мекен-жайы: poliklinika.10.10@mail.ru
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру. Жоғары білікті, мамандандырылған, стационарлық, алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету.
Облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігер)қызмет орнына үміткерлерді іріктеу кезінде қойылатын негізгі біліктілік талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңы;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде мынадай құжаттарды:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа өтініш беру мерзімі: он бес күнтізбелік күн.
Құжаттар электронды форматта ұсынылуы керек (алынбалы медиа, флэш карта, электрондық пошта: poliklinika.10.10@mail.ru сондай-ақ құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс (электрондық түрде): Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мекен-жайы: Шымкент қаласы, «Қаратау» ауданы, «Қайтпас-1» шағын ауданы, Каһарман көшесі, №48 санды ғимарат:, телефон:+ 8(7252)49-36-84, индекс: 160023; электрондық пошталық мекен-жайы: poliklinika.10.10@mail.ru Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжат қабылдау хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып, күнтізбелік он бес күннен кейін аяқталады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сай өткізіледі.