Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Сейтеновтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, денсаулық сақтау басқармасында ағымдағы жылдың 14-сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 14 – сәуірден 26 - мамыр аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса және проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Сонымен бірге байланыс: +7(775) 727 66 59, +7(7252) 56 23 30
Эл.почта: uz_zan@mail.ru