АПВ-ға қарсы вакцинация бойынша ақпарат

2024 жылғы 1 қазанда Шымкент қаласында 11 жастағы қыздарды адам папиломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналау басталады. 11 жастағы 13 000 жуық қыз балаға екпе жасау жоспарланған. Екі мәрте егуге 26 000 доза вакцина бөлінеді.
Бүгінгі таңда 11 900 доза вакцина келіп түсті, емханаларға таратылды, суық тізбекті сақтай отырып, тиісті жағдайларда сақталуда.
АПВ Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген, 11 жастағы қыздарға вакцинация ата-аналарының балаларды вакцинациялауға келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ мен онкологтардың ұсыныстары бойынша алынған, өйткені 11-14 жастағы иммундау ересектерге қарағанда тиімдірек, өйткені тұрақты иммунитет қалыптасады.
Егулер мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі және тұрғылықты жері бойынша емханалардан алуға болады.
ДДҰ-ның 1996 жылғы 9 шiлдедегi ақпараттық бюллетенi жатыр мойны обырының (бұдан әрi - ЖМО) пайда болу себебi АПВ болып табылатынын ресми түрде растады. АПВ тұрмыстық және жыныстық қатынас кезінде адамнан адамға берілуі мүмкін.
Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырының 600 000-нан астам жаңа жағдайы тіркеледі. ЖМО - мен ауыратын 330 000-нан астам науқас қайтыс болады.
Қазақстанда жыл сайын 1900-ге жуық ЖМО жаңа жағдайы тіркеледі немесе күн сайын 5 жаңа жағдай анықталады. Бұл аурудан жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады немесе басқаша айтқанда, күн сайын 2 әйел қайтыс болады.
ЖМО Қазақстанда сүт безі обырынан кейін әйелдер арасында екінші орында тұр.
Бүгінгі таңда жатыр мойны обырының бастапқы профилактикасы вакцинация, екіншісі - скрининг болып табылады.
Өткен аптада 792 қыз адам папилломавирусына қарсы сәтті егілді.

Дата публикации
04 октября 2024