Тендер өткізу тәсілімен «2024 жылға ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК» үшін медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу» туралы хабарландыру
«Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) «2024 жылға ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК» үшін медициналық мақсаттағы құралдарды» тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығында (бұдан әрі - Ереже) көрсетілген біліктілік шарттарына сәйкес келуге тиіс.
Сатып алынатын медициналық мақсаттағы құралдардың толық тізбесі, толық ерекшелігі, көлемі, сатып алу үшін бөлінген сома, жеткізу мерзімі, орны тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Жеткізу мерзімі мен шарттары: тендерлік құжаттамаға және қосымшаларға сәйкес.
Тендерлік құжаттама пакетін мына жерден алуға болады:
Шымкент қ., Республика даңғылы, 12а (7 қабат, 713 кабинет), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі уақыт және/немесе Басқарманың веб-сайтында.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 27 мамыр сағат 10:00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2024 жылғы 27 мамыр сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а, 7 қабат, 706 кабинет (мәжіліс залы).
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.