2023 жылға арналған дәрілік заттарды тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
«Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «2023 жылға арналған қаланың медициналық ұйымдары үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды сатып алу» тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер 3-тарауда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс; "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысының 4 бюджет қаражаты және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" (бұдан әрі-ереже).
Сатып алынатын дәрілік заттардың толық тізбесі, толық ерекшелігі, көлемі, сатып алу үшін бөлінген сома, жеткізу мерзімі, орны тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Жеткізу мерзімі мен шарттары: тендерлік құжаттамаға және қосымшаларға сәйкес.
Тендерлік құжаттама пакетін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Шымкент Қ., Республика даңғылы, 12а (7 қабат, 713 кабинет), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейінгі уақыт м/немесе Басқарманың веб-сайтында.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 15 мамыр сағат 10-00 - ге дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 15 мамыр сағат 11-00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а, 7 қабат, 706 кабинет (мәжіліс залы).
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.