Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

 

  1. Конкурсқа қатысқан кандидаттардың конверттерін ашу рәсімін өткізу күні мен орны:

Күні: «4» қараша 2026 жыл.

Өтетін орны: Шымкент қ., Тұран ауданы, Республика даңғылы №12а ғимарат.

Конкурс өткізілетін мекеме:

№

Мекекме атауы

1

ШЖҚ «№12 қалалық емхана» МКК

 

  1. Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);

Қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;

Өмірбаян (еркін нысанда);

Жеке куәлік көшірмесі;

Жоғары білім туралы диплом көшірмесі;

Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмелері (еңбек кітапшасы, еңбек шарттары, т.б.);

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлімшелері берген:
– соттылығының жоқтығы туралы анықтама,
– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқтығы туралы анықтама.

Қатысушылар қосымша: кәсіби деңгейі мен біліктілігін растайтын құжаттарды, ғылыми дәреже, жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдарды ұсына алады.

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Үміткерлерге қойылатын талаптар «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларына» сәйкес айқындалады:

  • Жоғары білім;
  • Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
  • 1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
  • 2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
  • 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
  • Соттылығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары болмауы тиіс.
  1. Құжаттарды жолдау тәртібі:

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың түпнұсқасы "Түпнұсқа" деп белгіленген ішкі конвертке салынып, мөрленеді.

Онда үміткердің ТАӘ және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Бұл ішкі конверт сыртқы конвертке салынады және мынадай жазулармен жолданады:

ШЖҚ «____________________» мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы
«__________ дейін ашуға болмайды» (ашу күні мен уақыты көрсетіледі)

Мекенжай:___________________________________________
(уәкілетті органның нақты мекенжайы көрсетіледі).

  1. Өтініш беру мерзімі:
  • Құжаттарды қабылдау мерзімі мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі.
  • Құжаттарды қабылдау уақыты: 2026 жылғы «5» қазан – 2026 жылғы «3» қараша (қоса алғанда, 30 күнтізбелік күн ішінде).
  1. Құжаттарды қабылдау басталатын күн:
  • Құжаттар осы хабарландыру мерзімді басылымда немесе уәкілетті органның ресми интернет ресурсында жарияланған күннен бастап қабылданады.
  1. Конкурстың кезеңдері:

Конверттерді ашу және кандидаттар тізімін жариялау (уәкілетті орган мен кәсіпорын сайтында);

Үміткерлердің біліктілігін бағалау;

Аудио-бейне жазбамен әңгімелесу;

Конкурстың қорытындысын шығару.

📍 Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (725) 256-23-11

 

 

Дата публикации
05 октября 2026