Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау

Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының  бірлескен бұйрығы негізінде Басқарма мен оның бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.
Талдау барысында нормативтік-құқықтық реттеу, кадр саясаты, мемлекеттік сатып алу, медициналық техникаларды жоспарлау және цифрландыру бағыттарындағы тәуекелдер зерделенді.
Жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комисся отырысында қаралып талқыланды.
Талдау нәтижесінің қорытындысымен Басқармаға 21 ұсыныс енгізіліп, анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, енгізілген ұсыныстар бойынша Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен тиісті шаралар қабылданып орындалған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
Дата публикации
03 сентября 2026